Ninety One - OTTEGI
Трек

OTTEGI

Слушать
Скачать
96
Текст песни
Текст песни: Сабырға бағындырайық өкпені
Осы сәтте ең керегі оттегі
Өйткені
Сенің үнсіздігің ең қиын белгі
Оданда қинамай отқа жақ мені
Өйткені

Сенің көзіңдегі бейне
Мен емеспін бе
Жоқпын ол жерде
Сенің жазған әңгімеңде
Соңына жетпей өлдім бе

Бұлай құлай беру
Ол шайқаспай ақ шегіну
Бірге бір тағдырдан
Таза жеңілу
Бұлай аяқталу
Өзара жарақат алу
Ешкімді аямайтын
Недеген қару

Ең ауыры өкпе емес оттегі
Ең қажетті жерге мүлде жетпеді
Өйткені
Барлығына кінәлісің деп мені
Жүрекке мәңгілік тұтқын еткені
Өйткені

Өзім таңдаған дүние
Мен кірген сәтте
Айналды күлге
Өзім жазған әңгімемде
Соңына жетпей өлдім бе

Бұлай құлай беру
Ол шайқаспай ақ шегіну
Бірге бір тағдырдан
Таза жеңілу
Бұлай аяқталу
Өзара жарақат алу
Ешкімді аямайтын
Недеген қару
У нас вы можете скачать песню Ninety One - OTTEGI в формате MP3 на свой телефон или компьютер, слушать в хорошем качестве бесплатно и без регистрации.
Song cover Song cover

Текущий плейлист