Дәрібаевтар - Жаңа жыл
Дәрібаевтар - Жаңа жыл
Тыңдау
3.6K
Трек

Жаңа жыл

Дәрібаевтар
Ән мәтін
Ән мәтін:
Жаңа жыл !!!
әні:Сәкен Дәрібаев
сөзі: Сайлаубай Тойлыбаев
1
Көк шыршамыз ырғалып ,♫
Жатыр дала- қыр нағып
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып !

Жарасатын еліме ,
Төрлет жылым төріме !
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне !

Қайырмасы :
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр .
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.

2
Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз ғой тамсанып,
Би билейік , ал кәнекей ән салып !

Аяз ата әніміз,
Ақшақарың сәніміз ,
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз !
3
Күлімдесін күніміз ,
Жалындасын жүзіміз ,
Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз !

Жаңа жылым шаттығым,
Арайланып атты күн,
Тілейікші елімізге сәтті күн .!
Song cover Song cover

Топтама