
Текст песни
Текст песни:
Кең даламда Томиристей ханшайым өткен
Ханшайымды Сақ, Түркілер патшайым еткен.
Алтын сауыт киіп жүріп,
ат үстінде биік жүріп,
Кирдің басын кескен екен
иілдіріп.
Әппақ арын кірлетпеген
Асыл жарын құрметтеген
Сұлу дейді, сымбатына
Тіл жетпеген
Сауыт бұзар сұр жебесі, Сақтың аруы,
Жауға шапса қорған болған, аттың бауыры.
Нәзіктікке тән мінезің,
Ғашық қылған жаудың өзін
Ар-намыстың үлгісі сен
Жалғыз өзің.
Тұмарысың Массагеттің
Түркі жұртын асқақ еттің
Хас сұлуы Сақтың елін
Қассақ еттің
Ханшайымды Сақ, Түркілер патшайым еткен.
Алтын сауыт киіп жүріп,
ат үстінде биік жүріп,
Кирдің басын кескен екен
иілдіріп.
Әппақ арын кірлетпеген
Асыл жарын құрметтеген
Сұлу дейді, сымбатына
Тіл жетпеген
Сауыт бұзар сұр жебесі, Сақтың аруы,
Жауға шапса қорған болған, аттың бауыры.
Нәзіктікке тән мінезің,
Ғашық қылған жаудың өзін
Ар-намыстың үлгісі сен
Жалғыз өзің.
Тұмарысың Массагеттің
Түркі жұртын асқақ еттің
Хас сұлуы Сақтың елін
Қассақ еттің