Өмірқұл Айниязов - Нағыз қазақтың ұлымын
Өмірқұл Айниязов - Нағыз қазақтың ұлымын
Слушать
201
Трек

Нағыз қазақтың ұлымын

Өмірқұл Айниязов
Исполнители
Текст песни
Текст песни: Бағында бұлбұл сайрап гүл көктеген
Көркіне даласының тіл жетпеген
Ақ туын адалдықтың кірлетпеген
Нағыз қазақтың ұлымын
Көзінен мейірімді нұр кетпеген
Көңілін жақынының мұң етпеген
Анасын жұмағым деп құрметтеген
Нағыз қазақтың ұлымын

Қайырмасы
Байтақ далам менің құтты қазынам
Қазақ халқы тұғырым
Ар намысты артық қойған жанынан
Нағыз қазақтың ұлымын

Шыңдары бұл ғаламды зеңбір еткен
Жырларды тыңдағанды елжіреткен
Пейілін ақ бұлақтай мөлдіреткен
Нағыз қазақтың ұлымын
Көкпары серке таққан көк білектен
Досына құшақ ашқан кең жүрекпен
Биікте көк байрағын желбіреткен
Нағыз қазақтың ұлымын

Қайырмасы
Байтақ далам менің құтты қазынам
Қазақ халқы тұғырым
Ар намысты артық қойған жанынан
Нағыз қазақтың ұлымын
Song cover Song cover

Текущий плейлист