Tulki - Туған күн
Tulki - Туған күн
Слушать
0
Трек

Туған күн

Tulki
Текст песни
Текст песни: Бүгін менің ішімде, ерекше талғамменен
Жоғары сұрыптардан, қымбат бірнеше шарап қорытылады
Көп уақыт армандаған
Бөлменің дәл төрінде, жалғыз өзіммен өзім
Ең әдемі әндерді жылыған дауысыммен
Айтамын айғайлап, қатарынан бірер сағат

Бұл менің ең алғашқы көктемім
Бұл менің ең алғашқы туған күнім
Өте баяу өлімнен соң
Қош келдің 28-ші қате
Қош келдің 28-ші уәде
Қатты егіліп жас төккен соң

Ешкімді де күтпеймін, ешкім де келе қоймас
Бір рет те кілттемеймін қоңырауы шалынбас есігімді
Ескі ағаш есігімді
Өртенеді суреттер, өртенеді бар әлем
Ұмытамын денемді, ұмытамын тіпті өз есімімді
Қарғыс атқан есімімді

Бұл менің ең алғашқы көктемім
Бұл менің ең алғашқы туған күнім
Өте баяу өлімнен соң
Қош келдің 28-ші қате
Қош келдің 28-ші уәде
Қатты егіліп жас төккен соң
Song cover Song cover

Текущий плейлист